«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жер учаскесін алу үшін өтініш қабылдау басталды

ФОТО НҰРЛЫ ЖЕР Жаңалықтар

Атырау қалалық жер қатынастары бөлімі және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер учаскесін алуға өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды.

ФОТО - НҰРЛЫ ЖЕР

Атырау қаласы және оның іргесіндегі ауылдық округтерде жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекте тұрған барлық азаматтардың бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар.

Қойылатын негізгі шарт – бұрын-соңды мемлекеттен тегін негізде алған жер учаскесі болмауы керек.

Қосымша сұрақтар бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы Атырау облыстық филиалына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Атырау қаласы, Абай көшесі, №15А/1 үй, дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:00 аралығына дейін.

Айқара Ғұмар

Фото qamshy.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз