Мұқтаж қазақстандықтарға үшінші рет 50 мың теңге төленбек

124044 Жаңалықтар

Аtr.kz/3 маусым, 2020 жыл. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

Бұдан бөлек, аталған төлемдердің төртінші толқыны да қарастырылып жатыр. Бауыржан Байбектің сөзінше, қазір 50 мың теңге көлеміндегі төлемнің үшінші кезеңі ұйымдастырылуда.

«Осы аптаның өзінде шағын қалалардың, ауылдар мен ірі қалаларға іргелес елді мекендердің мұқтаж тұрғындарынан тұратын 110 мыңдай отбасыға қосымша атаулы қаржылық көмек көрсетілетін болады» деп жазды ол.

Сол секілді, таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескере отырып, аталған төлемдерді төртінші мәрте төлеу мүмкіндігі де пысықталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз