«Мен көрген Атырау» мультимедиалық байқауының жеңімпаздары анықталды

atyrau 2 Жаңалықтар

Атырауда өткен блогерлер құрылтайына орай «Атырау-Ақпарат» ЖШС «Мен көрген Атырау» мультимедиалық байқауын жариялаған болатын. Шығармашылық додаға Аршат Ораз, Алмас Тоқабаев, Данияр Алан сынды танымал блогерлер қазылық етіп, ұсынылған материалдардың өзектілігін саралады. Сонымен, бүгін байқау жеңімпаздарының есімі белгілі болды.

atyrau-2

Үш номинация бойынша үздіктер анықталған байқауға блог-құрылтай шарасына тіркелген кез келген блогер қатысуға мүмкіндік алды. Олар Атырау қаласы туралы әлеуметтік желілерде жариялаған жазбаларын арнайы #bqkz2017 хештегімен беруі тиіс болды. Бұл – барлық қатысушыларға қойылған басты талап.

Осылайша, үздік фоторепортаж номинациясы бойынша топжарғандар:

1-орын: Асхат Шотаев (Шымкент) – 50 000 теңге

2-орын: Ерхан Бақбергенұлы (Қызылорда) – 30 000 теңге

3-орын: Әділғазы Кереев (Орал) – 20 000 теңге

Үздік видео ұсынғандар:

1-орын: Мырзабек Мырзахмет (Көкшетау) – 50 000 теңге

2-орын: Маралбек Сағынғанов (Астана)  -30 000 теңге

3-орын: Oil Vine (Атырау) – 20 000 теңге

Инстаграм желісінде үздік инста-пост жариялағандар:

1-орын: Исабек Жұбаныш (Қызылорда)  – 30 000 теңге

2-орын: Нұрлыбек Рахманов (Орал) – 20 000 теңге

3-орын: Мұрат Тұрсынбай (Алматы)  – 10 000 теңге

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз