МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ – ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕР

Сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов келісім-шарт бойынша бекітілген ережелерге сай, мемлекеттік қызметке штаттан тыс шетелдік менеджерлер тартылатындығын және оларға жұмысқа алудың ерекше ережелері мен талаптары қолданылатындығын мәлім етті.

 

«Мұндай тәжірибе Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінде бар. Мемлекеттік орган басшылары шетелдік менеджерлер қатарынан кандидаттарды кадрлық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынатын болады», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, жалпы мемлекеттік аппараттың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіріп отыру үшін және мемлекеттік қызметке саланың нағыз мамандарын тарту мақсатында азаматтық секторлардан мамандар шақырылады. Олар ашық байқау арқылы өте алады. Олардың тәжірибесі назарға алынады. Кейін Мемлекеттік қызмет академиясында білімдерін жетілдіру үшін оқытылады.

Ал, бұл салаға бірінші рет жұмысқа тұрушылар үшін үш кезеңдік байқау өткізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз