Мемлекетке қаржы құятын – халықтың өзі

11324132 Жаңалықтар

Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттен көмек сұрай беретін адамдарға жауап берді.

«Әлі есімде, бас кезінде қиын болды. Жұмыс жоқ, жалақы жоқ, дүкен сөрелері бос тұрды. Сонда бәрі «бер, бер» деп отыратын. Мемлекетте ақша болмаса, қайдан береміз? Бірақ қазір сол 30 жыл бұрын болған ұрандарды көтеріп жүр. Маған бер, балаларым көп дейді, жалақым аз, тағы бер дейді. Бас кезінде нені ойладың? Бұл сенің проблемаң. Сен мемлекетпен ақылдасқан жоқсың ғой», – деді Н.Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, мемлекет мұқтаж адамдарға көмектессе де, ол адамдар тағы «бер, бер» деп шыға келеді. Сондықтан халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу керек.

«Мысалы, бір миллион оралман шақырып, алып келдік. Бірде-бір мемлекет оны жасаған жоқ. Біз алып келдік, жұмыс істеңдер, балаларың өссін, өнсін десек, олар «маған беріңдер» деп айтады. Жұмыс істеңдер. Мемлекеттің қаражатын жинайтын – ел, халық. Халық жұмыс істемесе, мемлекеттің ақшасы болмайды. Қаржы болмаса, нені береміз?», – деді Н.Назарбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз