«Мемлекетіміздің болашағын тапсыратын басшыны таңдау демократиялық тұрғыда өтуі тиіс»

assets images resources 2965 foto r. ilazhev Жаңалықтар

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Бұл туралы Atr.kz-ге берген сұхбатында  «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы,  Атырау қалалық мәслихатының депутаты Ринат ҒИЛАЖЕВ айтты.

 « Кезектен тыс сайлау өткізу – маңызды әрі қажетті шешім. Мемлекетіміздің болашағын сеніп тапсыратын басшыны таңдау демократиялық тұрғыда, ашық, әрі  әділ өтуі тиіс. Біздер, жастар, бұл саяси, тарихи оқиғаға аса зор мән беруіміз қажет. Себебі,  біздің таңдауымыз – бұл Қазақстанның болашағы.

Президенттің бүгінгі Үндеуін толықтай қолдаймыз. Себебі, қазіргі таңда әлемдік тұрақсыздық байқалуда. Бұл біздің елімізге де әсерін тигізетіні анық. Бейбіт, экономикасы дамыған елімізге қызыға да, қызғана да қарайтын сырт мемлекеттер бар. Сондықтан, әлемдік өркениетте өзіндік орны бар, еңсесі биік еліміздің ертеңін жарқын етуге ұмтылған Ұлт Көшбасшысы, тұңғыш Президент салған сара жолмен алға қарай даму – біздің айқын перспективамыз.

Алдымызда зор міндет тұр. Жауапкершілік танытып, жастық жалын-жігерімізді жанып, ел мүддесі, ұлт тұтастығы үшін бұл сайлауға қолдау білдіруіміз қажет» деді спикер.

Гүлжан ӘМІРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз