Мектептерге автобус сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді

photo5215209342939277488 Білім

Атырауда мектептерге автобус сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Ал биыл тағы да қосымша 9 мектепке автобус алынды,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

photo5215209342939277488

Былтыр Атырау қаласы мен іргелес ауылдардағы 14 мектеп балалар тасымалын жүзеге асырған.

«Өткен оқу жылында қала мен оның маңындағы селолық округтердегі мектептен үш шақырым алыста тұратын 3318 оқушы тасымалданды. Атап айтсақ, №4, №5, №6, №25, №32, №36 жəне Еркінқала, Қ.Смағұлов, Бесікті, Б.Нысанбаев, Т.Амандосов, М.Өтемісов, Жамбыл, Амангелді атындағы мектептер. Биыл жергілікті бюджет қаржысына қосымша автобустар сатып алынды, соның арқасында тасымалдаумен қамтылатын балалар саны да көбейді»,- дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Света Аманшиева.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз