Мектепке жылыжай сыйлады

lplp Білім

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық фракциясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев №23 Ахмет Байтұрсынов атындағы  орта  мектепке жылыжай тарту етті.

ропр

Бұрын-соңды мектептер жанынан жылыжай салынбағаны белгілі. Депутат мұндай қадамға өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа баулу мақсатында барғанын айтады.

лплп

– Аталған мектеп басшылығы жылыжай жобасы туралы ұсыныс жасағанда бірден қолдап, қажетті коммуникация жүйесі жүргізілген жылыжайды оқушылар игілігіне тапсырдым. Ең бастысы – балалар қуанып жүр. «Фитодизайн» үйірмесіне қатысып жүрген оқушылар алғашқы өсімдіктерін егіп те үлгеріпті. Алдағы наурыз айында жылыжай ішін жасыл желекке бөлейтіндерін айтты, – дейді халық  қалаулысы.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз