МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: 10 сауалға – 10 жауап

meditsina piksabaj Жаңалықтар

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Биыл елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Жүйенің енгізілгеніне бір ай уақыт өтсе де ел арасында жаңашылдықты түсінбей жатқандар бар.

Бұл ретте күні бойы тұрғындардың сауалдарына жауап беретін 1406 байланыс орталығы жұмыс жасаса да, біздің редакциямызға хабарласып, аталмыш жүйеге байланысты хат жазып, көкейіндегі сауалдарын жолдап жатқан оқырмандар аз емес. Солардың ішінде ең маңызды он сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕКТЕН жауап алып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

– Азаматтар Міндетті әлеуметтік медициналық с а қ т а н д ы р у ж ү й е с і а я с ы н д а сақтандырылғандарын қалай және қайдан біледі?

– Мұндай ақпаратты электрондық үкімет порталынан (https:// egov.kz/), Денсаулық сақтау министрлігінің (http://dsm.gov. kz/) және қордың сайтынан (https://fms.kz/), Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot) және WhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406) арқылы алуға болады. Биыл 1 сәуірге дейін барлық азаматтар аталмыш жүйеде сақтандырылған болып, медициналық қызметтерді толық көлемде алады. Азаматтардың қажетті медициналық қызметтерді алуына ешқандай кедергі болмауы керек.

Ал, 1 сәуірден бастап сақтандырылмаған пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана медициналық көмек көрсетіле береді. Бірақ, қалған қызметтер ақылы түрде болады. Сондықтан, әрбір азаматтың 31 наурызға дейін сақтандырылған мәртебесін алуы маңызды.

– Менің жеке кәсібім бар. Бұл ретте жүйе бойынша жарнаны қалай және қашан төлеуім керек?

– Жеке кәсіпкер жарнаны әр айдың 25-інен кешіктірмей төлеуі қажет. Егер патентпен жұмыс істесе, төлем патент құнын төлеу кезінде жасалуы керек. Жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшері ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызын құрайды. Бұл сома биылғы есеппен 2975 теңгеге тең. Егер штатта қызметкерлер болса, онда жұмыс беруші оларға жалақы қорынан 2% мөлшерінде аударым жасауы керек, сондай-ақ, әр қызметкердің жалақысының 1%-ы жарна ретінде ұсталады.

– Мен үйде отырып жұмыс істеймін. Бірақ, ресми түрде емес. Бұл жағдайда жүйеге жарна төлеуім керек пе?

– Бұл жағдайда азамат дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар санатына жатады. Сонымен қатар, оның жалданушы қызметкерлері болмайды. Бұл ретте жарна төлемеуге болады. Бірақ, бұл жағдайда азамат сақтандырылмайды. Демек, тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана жедел, шұғыл жәрдем түрлерін пайдаланады.

Сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді (мамандардың қабылдауы, зерттеу қызметтері, диагностика, оталар) алу үшін азамат өзін сақтандырып, ай сайын біртұтас жиынтық төлем төлеуі тиіс. Бұл ретте біртұтас жиынтық төлем салық агенттері қатарына
жатпайды.

Бірыңғай жиынтық төлем деген не, ол қандай мүмкіндіктер береді?

– Сақтандыру жарналарынан басқа, бірыңғай жиынтық төлем міндетті зейнетақы жарналарын да қамтиды. Ол айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі. Қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2020 жылы 2651 теңге), ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК (2020 жылы 1326 теңге). Сонымен қатар, БЖТ құрамына жеке табыс салығы, зейнетақы жарнасы, МӘМС салымдары, әлеуметтік аударымдар кіреді.

Бірыңғай жиынтық төлемдегі МӘМС жарналарының үлесі қала тұрғындары үшін баржоғы 1060 теңгені, ауыл тұрғындары үшін 530 теңгені құрайды. Яғни, мұны төлей отырып, базалық зейнетақы төлемі қамтамасыз етіледі. Сіз қаншалықты ұзақ төлеген болсаңыз, болашақта соғұрлым көп зейнетақы аласыз, өйткені еңбек өтілі ескеріледі.

Сондай-ақ, сіз әлеуметтік жарна төлегендіктен (олар да БЖТ қ ұ р а м ы н а кіреді), сіз егер еңбекке қабілеттілігіңізді жоғалтсаңыз, асыраушыңыздан а й ы р ы л с а ң ы з , жүктілік пен босану кезінде, бала асырап алу немесе бала күтімі кезінде әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығыңыз бар.

– Егер мен жұмыс беруші ретінде жарна енгізетін жұмыскер санатына кірмесем, онда өзім үшін жарнаны қалай төлеймін?

– Бұл жағдайда сіз МӘМС жүйесіне тәуелсіз төлеуші ретінде саналасыз (жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ресми тіркелмеген жұмыссыздар сияқты). Сіз екінші деңгейлі банктердің кассалары, Қазпошта, Халық банк терминалдары, «Kасса 24» өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы МӘМС үшін төлем төлей отырып, өзіңізді сақтандыра аласыз. Жарналардың мөлшері сіздің мәртебеңізге байланысты болады.

– Мен жеке клиникадан тексеруден өткім келеді, б і р а қ , м е н тіркелген емхана басқа денсаулық сақтау ұйымына жолдама беруден бас тартты. Не істеуім керек?

–Мұндай жағдай б о л м а у ы к е р е к . Учаскелік дәрігер сізді өз таңдауыңыз бойынша қормен келісімшарт жасаған кез келген медициналық ұйымға жіберуі тиіс. Жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан табуға болады (https://fms.kz/ru/ content/postavshchiki-fonda). Сонымен бірге, жолдаманы медициналық мазмұндама болған жағдайда ғана алуға болатындығын ескертемін. Қордың негізгі міндеттерінің бірі – пациенттердің құқығын қорғау. Сондықтан, біз көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі қадағалап отырамыз және туындаған мәселелерді тез шешуге тырысамыз.

– Магниттікр е з о н а н с т ы қ томографияға түскім келеді. Бірақ, дәрігер ж о л д а м а б е р м е д і . Неліктен?

– Компьютерлік томография немесе магниттік-резонанстық томография қызметін алу үшін сізге учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет. Ол тек тиісті дәрігерлік нұсқаулар болған кезде ғана беріледі. Өйткені, бұл процедурада электромагниттік сәулелену қаупі жоқ емес. Оны қажетсіз жасай берген дұрыс болмайды. Яғни, мұндай тексерулерге медициналық нұсқаулар болмаған жағдайда ғана сізге жолдама берілмеуі мүмкін.

– Сақтандыру аясында тіс дәрігерінде тегін емделуге бола ма?

– С а қ т а н д ы р у жүйесінде ақысыз стоматологиялық қызметтерді 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандар), атаулы әлеуметтік көмек алушылар, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар немесе басқаларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер алады.

Егер емдеу жоспарланған болса (шұғыл емес), жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалар үшін жүйе бойынша тегін стоматология тағайындалады. Қалған пациенттердің барлық санаттары стоматологиялық қызметті ақылы алады. Тағы айтарым, егер сіздің медициналық ұйымыңызда тіс дәрігері болмаса (егер дәрігер нұсқауы көрсетілген жағдайлар мен санаттарға сәйкес болса), cізге қор жеткізушілерінің тізімінде көрсетілген медициналық ұйымға жолдама беруі тиіс.

– 0 8 6 – y ( 0 8 3 – y ) анықтамасын ақысыз алуға бола ма?

–086 және 083 а н ы қ т а м а л а р ы с а қ т а н д ы р у пакетіне кірмейді. Бұл мемлекеттік қызметті медициналық ұйымдар ақылы түрде ұсынады. Бұл анықтамалар оқуға түсетін немесе жұмысқа кіретін пациенттің кәсіби жарамдылығы туралы дәрігердің тұжырымын алу мақсатымен мерзімді медициналық тексеруден өту үшін берілетінін түсіндіргім келеді. Бұл профилактикалық санатқа жатпайды. Бірақ, пациент жылына бір рет ақысыз негізде профилактикалық тексеруден өтуге құқылы.

– Пациент қайтыс болған жағдайда оның жинақталған қаржысы туыстарына беріле ме?

–Бұл жағдайда жарналарды аудару қарастырылмаған. Өйткені, әлеуметтік медициналық сақтандыру – жинақтаушы жүйе емес. Медициналық көмек жарналардың мөлшері мен сомасына қарамастан көрсетіледі. Яғни, халықтың барлық санаттарының медициналық қызметтерге қолжетімділігі бірдей. Бұл жүйенің тең қолжетімділік және ынтымақтастық принципі осында жатыр. Сондықтан, біз әртүрлі кірісі бар адамдарға бірдей, бейтарап қызмет көрсететін осындай модельді таңдадық.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша туындаған сұрақтармен 1406 байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл байланыс нөмірі іске қосылған күннен бастап бүгінге дейін азаматтардан 14 мыңнан аса өтінім түскен.

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/%d3%99leumettik-%d2%9byzmetkerlerdi%d2%a3-zhala%d2%9bysy-%d2%9bansha%d2%93a-%d3%a9sedi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз