Мамыр айында қанша күн демаламыз?

20190410154411 45985 Жаңалықтар

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Мамыр – мерекеге толы айдың бірі. Бұл ай елімізде «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен басталып, «Отан қорғаушылар» мен «Жеңіс күніне» жалғасады.

Қазақстандықтар мамыр айындағы 31 күннің үштен бір бөлігін демалыспен өткізбек. Яғни, 11 күн бойы жұмыстан тыс, отбасы және жеке шаруалармен айналысуға, табиғатқа шығып, серуен құруға мүмкіндігіңіз мол болмақ.

Бірақ, бұл аптасына 5 күн жұмыс істейтін азаматтарға арналған. Осы кестемен жұмыс істейтіндер 4 мамыр, сенбі күні жұмыс істеп, есесіне 9,10,11,12 мамыр күндері, 4 күн қатар демалатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз