Мамырда қанша күн демаламыз?

0010202 kalendar sobytij Жаңалықтар

Мамыр айында Қазақстан халқы 20 күн еңбектеніп, мереке күндеріне байланысты 11 күн демалады.

0010202-kalendar-sobytij

Сәуірдің соңында қазақстандықтар бір сенбіні (28 сәуір) жұмысқа арнайды. Ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, яғни, 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай болады. Сенбіге келген 5 мамырда жұмыс күні болса, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Сол себепті, 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз