Мамандар ауруханаға түскен 19 студенттің жағдайы туралы толығырақ айтты

imgpreview 1 Жаңалықтар

Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Бұл туралы Atr. kz-ге берген сұхбатында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Аманжол Сағынғалиев айтты.

«Қоңырау жедел жәрдем қызметіне шамамен сағат 13.30-да түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі 4 минут ішінде жетті.

20190523 163456

Ауруханаға түскен барлық 19 студентке алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда ем шаралары жүруде. Студенттердің жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында. Бір студент Атыраудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Аманжол Сағынғалиев.

Атырау сервистік колледжінің мейіргері Бәтима Жүнісова студенттердің бастапқыда тыныс алу жолдарының қиындауына шағымданғанын айтты.

20190523 163440

Батима Жүнісова, Атырау сервистік колледжінің мейіргері:


«Балаларды тамақтан иә газдан уланды деп айта алмаймын. Себебі, асханада ас электрлік пеш арқылы дайындалады. Ауру тыныс алу жолдарының  қиындауынан басталып тұр».

IMG 20190523 WA0091

Амандық АБДОЛ, Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз