«Макаров» тапаншасы және оқ: Ақмола облысында қару-жарақ контрабандасымен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды (+ВИДЕО)

2003051006250152f Жаңалықтар

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейден қару-жарақ тасымалдап келген қылмыстық топты қолға түсірді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ Ақмола облысында ұсталған.

«Арнайы операция 27 ақпан күні болды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнайы тапсырмалар жөніндегі қызмет пен полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасағының бірлескен операциясы кезінде трансұлттық қылмыстық топ қолға түсті.

2003051006250151f

Қару-жарақ контрабандасымен айналысып келген қылмыстық топтан операция барысында 11 дана «Макаров» тапанша, 1300-ден астам оқ тәркіленді» делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, бұған дейін Шымкентте қару-жарақпен әскери бөлімнен қашып кеткен кіші сержант сарбаз ұсталған еді. Кейін оның сыбайластары бары белгілі болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

2003051006250150f
2003051006250153f
2003051006250154f
http://atr.kz/bez-rubriki/tүrkistan-oblysynda-әskeri-bөlimnen-ұrlanғan-қaru-zharaқtar-tolyқtaj-tabyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз