Махамбет Досмұхамбетов қала әкіміне қандай тапсырма берді?

Жаңалықтар

  Atr.kz/7 ақпан, 2020 жыл. Қаланы көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары – қала әкімдігінің басты жұмыстарының бірі болуы тиіс.       

          Есеп беру жиынында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласы әкіміне осындай тапсырма берді.
– Тазалыққа аса назар аударып, жасыл желектерді көбейту, бар желектерді уақытылы суару, қаламызға сән беретін гүлзарларды ұлғайту мәселелерін қолға алу қажет;


– Сондай-ақ, күн тәртібінен түспейтін мәселе – қаланың тазалығы.

Мендегі мәлімет бойынша, қала айналасында анықталған 546 кездейсоқ қоқыс алаңы бар. Осы алаңдарды біртіндеп жою шараларын алуды және жаңадан қала аумағында бой көтеріп келе жатқан ықшам аудандарға қажетті жерлерге қоқыс алаңдарын салып, бар алаңдарды күтіп-ұстап, қосымша жәшіктерін көбейтіп, арнайы техникаларды жаңартып, тазалық мәселесіне көңіл бөлуді тапсырамын, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.


Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-3-336-zhan%D2%B1ya%D2%93a-2-milliard-te%D2%A3gege-zhuy%D2%9B-atauly-%D3%99leumettik-k%D3%A9mek-ta%D2%93ajyndaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз