Махамбет ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Жаңалықтар

Atr.kz/9 қыркүйек, 2019 жылМахамбет ауданындағы Ақжайық ауылында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен спорт ардагері Жылқайдар Сұлтанов салтанатты түрде лентасын қиған ғимарат замануи стандарттарға сай жарақталған. Мұнда ауыл жастары баскетбол, гандбол, волейбол, мини-футболмен айналысатын болады, басқа да спорт залдары бар. Кешеннің сыйымдылығы – 160 адам. 
– Елбасы Н.Назарбаев қазақстандыктардың өніп – өсуіне барлық жағдайды жасады. Сондықтан, күш-жігерлеріңді, мектептен алған білімдеріңді, үйден алған тәрбиелеріңді ұштастырып, нағыз азамат болыңдар, – деп тілегін білдірді спорт кешенінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Н.Ноғаев.

“Atr – Ақпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *