Махамбет ауданында алма шырынын өндіру цехы іске қосылады

Агрокешен Жаңалықтар

Аtr.kz/18 мамыр, 2020 жыл.  Махамбет ауданында биыл алма шырынын өндіру цехы іске қосылады. Және бірқатар қожалықтар алма ағашын өсіруді қолға алып жатыр.


“Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Махамбет ауданына сапары барысында белгілі болды” деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз-қызметі.


​ Шаруа қожалықтары мен саладағы кәсіпкерлердің ахуалымен танысқан ​ аймақ басшысы облыс экономикасы үшін агроөнеркәсіп кешенінің маңызы зор екендігін айтты.


“Дастан” шаруа қожалығы 15 жылдан бері ауылшаруашылығымен айналысуда. Шаруашылық бүгінде 125 гектар аумақта көкөніс, бау бақша өнімдерін өсіріп жатыр. Бұдан бөлек, қожалық мал шаруашылығымен, құс өсірумен де айналысуда.

Фото – Расул Серіков

“Дастан” шаруа қожалығының директоры Ақтұрған Ерманов жаңадан жабдықталған он жылыжай жұмыс істеп жатқанын айтты. ​

⠀”Бұрынғы жылыжайлар ​ ағаш конструкцияларынан болған болса, биыл ​ металл конструкция пайдаланып, жаңадан жабдықталған он жылыжайды қолданып отырмыз. ​ Мұнда қияр, қызанақ түрлері өсіріледі. Шамамен 150 тоннадай өнім береді деген есебіміз бар.​


Биыл егіс көлемі 130 гектардай болады. 30 гектардай картоп, бақша дақылдары 45 гектар болады деген жоспар бар” дейді “Дастан” шаруа қожалығының директоры Ақтұрған Ерманов.​

⠀Сапар аясында облыс басшысы “Темірлан – Агро 7661” ЖШС жұмысымен танысты. Бау бақша, көкөніс өнімдерімен бірге, кәсіпорын биыл алма ағашын өсіруді қолға алмақ.


Белгілі болғанындай, кәсіпорын 55 гектар жерге Италиядан әкелінген көшеттерді отырғызуды жоспарлап отыр.

Фото – Расул Серіков

Осындай жұмыс “Рамазан” шаруа қожалығында да жүріп жатыр. 2015 жылы мұнда алма ағашының 8000 көшеті отырғызылған болатын.



Енді қожалық ​ алма шырынын өндіру цехын іске қосқалы отыр.
“Қазіргі таңда елімізде ауыл шаруашылығына ерекше басымдық берілуде.

Өңіріміздегі климаттық қиындықтарға қарамастан, біз де аталған саланы қолдауды күшейтеміз. Республикалық және жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлу ​ жалғасуда.

Биыл мал басы артып, егіс көлемі ұлғайып, жылыжайлар саны артты. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын барынша қолдап, дамыта ​ береміз” деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов шаруагерлермен кездесуінде.

Атап өту керек, бүгінде Атырау облысының агроөндірістік секторында оң динамика байқалып отыр.

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 11 мың тонна ет, 8,5 мың тонна сүт, 26 млн дана жұмыртқа өндірілді.
Мал басының барлық түрі бойынша өсім байқалады.

Фото – Расул Серіков



Өткен жылмен салыстырғанда, дәнді дақыл, бау-бақша өнімдерін егетін ​ аумақ көлемі ұлғайған.

Биылғы жылы олардың аумағы 9222 гектарға дейін өседі деп күтілуде.

⠀Тамшылатып суару әдісі 3000 гектарға қолданылуда. Тұрғындарды маусым аралығында көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай кешендері жұмыс істеп жатыр.

Осы ретте, ​ Атырауда 1000 тонналық ​ қойма салынғанын да атап өткеніміз жөн.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда атыраулық аграрлар 4,5 мың гектар жерге егін екті. Бұл аймақтағы егін алқабының 48 пайызы. Егін егу жұмыстары толықтай ​ келер айдың ортасында аяқталуы тиіс.

Фото – Расул Серіков
Фото – Расул Серіков
Фото – Расул Серіков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған