Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театры тексерілмек

Жаңалықтар Мәдениет Құқық

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Махамбет Өтемісұлы театры мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлығы үшін тексеріледі.

Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ академиялық драма театры пандустармен жабдықталмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандар осы мәселеге шағымдануда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тұрғындар шағымданған мәселеге облыс әкімдігі назар аударды.

Атырау облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бөлім басшысы Гүлнәр Меңдіғариеваның айтуынша, облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың бастамасымен тіркелген факт тексерілетін болады.

– Атырау қаласының тұрғыны Гүлназ Космұрзиевадан өтініш келіп түскен болатын. Жақын арада жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.Тексеріс нәтижелері және қабылданған ұсынымдар қосымша баяндалатын болады,- дейді Гүлнәр Мендігариева.

Айта кетейік, 2019 жылы драма театрда күрделі жөндеу жұмыстары өткен болатын. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов театрда тексеріс жүргізіп, жауапты тұлғаларды жауапқа тартылуын, сондай-ақ арнайы комиссия шақырып осы мәселені тезірек шешуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *