Мақат ауданы әкімінің орынбасары пара алды деп күдіктелуде

alu e1517463203979 Жаңалықтар

2018 жылдың 30 қаңтарында Атырау облысының Мақат аудандық сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша Департаменті тергеушісінің Мақат ауданы әкімінің орынбасары М.Ж.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхаты түсті.

Пара алу

Сотта анықталғандай, М.Ж.-ға қатысты Қылмыстық Кодекстің 366-бабы, 3-бөлігінің 1,2 тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу басталған. Яғни ол мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға бола тұра, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, пара берушінің пайдасына жасаған заңсыз әрекеті үшін, қорқытып алу жолымен пайда түрiнде жеке өзіне айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасына санкция беруге қаулы етті.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Айқара Ғұмар

Фото 24.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз