Мақат ауданы әкімінің орынбасары неге тұтқындалғаны белгілі болды

alu 1 Жаңалықтар

Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің орынбасары және әкімдіктің құрылыс бөлімі жетекшісінің тұтқындалуына қатысты істің мән-жайы айқындалды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пара алу

«Мемлекеттік қызметшілер – Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Мүсепов пен аудандық құрылыс бөлімінің жетекшісі Құралбек Адамбаевқа ҚР ҚК-нің 266-бабы, 3-тармағы, 1-тармақшасы бойынша, «Алдын ала сыбайласқан топтың пара алуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс нысандарын ешқандай кедергілерсіз қабылдап, жалпы жұмыс барысында «қамқорлық» танытуға уәде берген»,-деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 30 қаңтарда Мақат ауданының соты Ж.Мүсеповты 2 ай мерзімге тұтқындауға санкция берді. Қ.Адамбаев тергеу аяқталғанша, ешқайда шықпайтын болады.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз