Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин: Жолдаудағы 10 негізгі міндетті жүзеге асыруға бір кісідей атсалысуымыз қажет

1 22 Жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікірін білдірді.

1

Мәжіліс спикері өз пікірінде төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі түрде жаңғыруы бойынша нақты шаралар бағдарламасынан тұратын Елбасы Жолдауының маңызы ерекше екенін атап өтеді.

Президенттің Жолдауы арқылы ұсынылған ел дамуының негізгі бағыты – цифрландыру, Қазақстанға жаңа әлемнің көшбасшыларының қатарынан табылуы үшін ел өмірінің барлық тармағына цифрлық технологияларды енгізу қажет.

Президенттің Жолдауы барлық әлеуметтік және экономикалық саланың алдында 10 негізгі міндетті белгілеп берді. Бұл еліміздің алдына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Ең алдымен, қазақстандық индустрияның жаңғыртылуы мен цифрландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен көлік-логистика инфрақұрылымына ерекше назар аударылған.

Президент Жолдауында дәстүрлі түрде әлеуметтік даму саласына баса маңыз берілген.

Құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды белсенді түрде енгізу, қайталанбас алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құру, медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, сапалы түрде жұмыспен қамту – мұның барлығы, сөзсіз, әрбір азаматтың өмір сапасын арттырады.

Осылайша, Президент Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі Жолдауы алдағы уақытта да елдің жаңғыруының маңызды ынталандырушысы болмақ.

Жолдаудың барлық саланы қамтыған ерекшелігі оның жүзеге асырылуы бойынша барша азаматтардың белсенді түрде атсалысуын талап етеді.

Президенттің Жолдауы – бұл әрбір қазақстандықты белсенді түрде жұмыс атқаруға шақырады.

Бұл талаптар, ең алдымен, бізге – қазақстандық Парламент депутаттарына қатысты екені сөзсіз.

«Осы ретте біз Жолдаудың толығымен жүзеге асырылуына тиімді түрде заңнамалық қолдау білдіруге дайынбыз»,-деп түйді Нұрлан Нығматулин.

Айқара Ғұмар

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз