М.Әуезов көшесіндегі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

IMG 6097 Жаңалықтар

Атыраудағы М.Әуезов көшесіндегі көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_6097

Уақытша шектеу М.Әуезов көшесіндегі теміржол өткелі учаскесі маңында диаметрі 530 мм. магистральды жылу жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне орай қабылданып отыр. Жөндеу 11-12 қараша күндері, сағат 09:00-18:00 аралығында М.Әуезов көшесі бойындағы айналма жолдан бастап, М.Әуезов көшесіндегі теміржол өткеліне дейінгі аралықта жүргізілмек.

Қала тұрғындарынан жол бағыттарын алдын-ала жоспарлауға және көлік қозғалыстарына енгізіліп отырған уақытша шектеулерге түсінікпен қараулары сұралады.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз