Мәскеуден жеткен марапат

рахымжан Оыыыытарбаев 1 Жаңалықтар

Жазушыдраматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет және халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтардың иегері Рахымжан Отарбаев өзінің  60 жасқа толған мерейлі күнінде Мәскеуден қуанышты хабар алды.

%d1%80%d0%b0%d1%85%d1%8b%d0%bc%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d0%be%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Халықаралық «Форум» журналының бас редакторы, журналист-жазушы Владимир Муссалитин қазақстандық қаламгер әріптесін асқаралы алпыс жасқа толуымен құттықтап, оған зор денсаулық пен шығармашылық биік шыңдарды бағындыруға тілектестігін білдіріпті. Ол, сонымен бірге,  Бейбітшілік қорлары Халықаралық қауымдастығының президенті, шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы,  «Оскар» жүлдесінің тоғыз мәрте иегері  Анатолий  Карповтың шешімі бойынша Рахымжан Қасымғалиұлының осы қордың  «Бітімгершілік жемісті қызметі үшін» Алтын медалімен марапатталғандығын хабарлапты. Құттықтау жеделхатта былай делінген:

«Қадірлі дос, Рахымжан! Сізді айтулы мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, шахматтан Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Бейбітшілік қорлары Халықаралық қауымдастығының президенті Анатолий Карповтың ұйғарымымен Бейбітшілік қорының Алтын медалімен марапатталғандығыңызды қуана хабарлаймын. Осынау марапат сіздің бүгінгі мерейтойыңызбен тұспатұс келіп отыр. Бұл үлкен жетістік Қазақстанның бір перзентінің ғана емес, парасатпайымы биік, талантыңызға бас иетін күллі халықтың қуанышы деп есептеймін. Өзіңізге лайықты деп берілген бұл марапаттың шапағаты Алатаудың қар басқан шыңдарына да, қарт Каспийдің асау толқындарына да, қазақтың ұланғайыр сайын даласына да жетеді деп сенемін. Өйткені, сіз соған лайықты қаламгерсіз. Құрметті Рахымжан, сіз үшін қуанып отырмын. Құрметпен, досыңыз  Владимир Муссалитин».

Айта кету керек, КСРО заманында жұртшылыққа Кеңестік Бейбітшілік қоры ретінде кеңінен танылған қоғамдық ұйым осыдан 55 жыл бұрын өмірге келген еді.  Оның басты құрылтайшылары КСРО-ның бейбітшілікті қорғау, жастар ұйымдары  және әйелдер комитеттері, шет елдермен достық және мәдени байланыстар қоғамы болды. Қайырымдылық мақсатта жұмыс жасаған бұл қорды 1981 жылға дейін орыстың белгілі жазушысы Борис Полевой басқарған.

Шахматтан әлемнің әлденеше дүркін чемпионы Анатолий Карпов басқаратын Бейбітшілік қорлары Халықаралық қауымдастығының штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан.

Бейбітшілік қорлары Халықаралық қауымдастығы 1992 жылы құрылған. Үкіметтік емес бітімгершілік, қайырымдылық ұйымы белгілеген Алтын медальді бұған дейін иеленгендердің қатарында қоғам қайраткерлері – Түрік поэзиясының негізін қалаушы ақын, драматург Назым Хикмет, Чилидің атақты ақыны Пабло Неруда, Үндінің көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Джавахарлал Неру сынды тұлғалар иеленген еді. Қазақстандықтардың арасында бұл тізімге алғаш болып Рахымжан Отарбаев еніп отыр.

Жерлесімізді Мәскеуден жеткен үлкен марапатымен біз де шын жүректен құттықтаймыз!

 

Қазақта жазушы көп, Рахымжан – дара!

Қазақ әдебиетінде талантымен әлемге танылып жатқан тұлғалар көп. Мәселен, исі қазақ құрмет тұтатын Рахымжан Отарбаевты алайықшы. Жас кезімізден, осынау әдебиет деген киелі әлемге осы кісілердің туындыларын оқып ғашық болғанбыз. Қазіргі таңда бер жағы Ресей, Мәскеу, арғы жағы Қытай, Моңғолия таныған жазушы-драматургтың қай дүниесін алып оқысақ та қазаққа жаны ашып, шыр-пыр болатын жүрегін тануымызға болады.

«Бүгінде не көп, жазушы көп» дейтіндер де кездесетіні шындық.  Алайда, қазақта Рахымжан — дара!

Мәскеуден алтын медаль алғанын да естіп жатырмыз. Бұл – ағамызға шетел оқырмандарының үлкен бағасы. Қуаныш құтты болсын!

Заря ЖҰМАНОВА,

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі,

Алматы қаласы.

Қаны тамып тұрған шындық…

Қазақтың әйгілі драматург-жазушысы Рахымжан Отарбаевтың шығармалары Ресейдің талғампаз оқырмандарынан үздік баға алғаны туралы оқығанда ойға баттым. Әңгімелерімен қазақтың жанын оқырмандарға ашып көрсетіп жүрген драматургтың «Нашақор жайлы новелла» деген пьесасы – нағыз бүгінгі қоғамның қаны тамып тұрған шындығы.

Сырттан дос тауып, ата-ананың қарауынсыз кеткен жасөспірімнің тағдыры кімді болса да ойлантпай қоймайтыны даусыз. Баласының дауасыз жолға түскені ананың да жанына батады. Міне, осындай жүректі ауыртып, жанды шырқырататын шындықты тек тума талант қана жазады. Жазушының марапаты құтты болсын. Бұл – қазаққа да берілген баға, көрсетілген құрмет!

Арайлым Салтанатова,

Мақат ауданы.

Өлгенді тірілтіп, өшкенді жандырған…

«Өнер алды– қызыл тіл» деп қазақ атамыз бекер айтпаған екен. Оған жазушы Рахымжан Отарбаев шығармаларын оқығанда көзім жетті. Ауыл тақырыбын қозғап, ауыл адамдарының мұң-зарын қоғамға жеткізіп те жүр.

Оны былай қойғанда, драматургия саласына да сіңірген еңбегі шексіз. Бұл кісінің «Нарком Жүргенов», «Мұстафа Шоқай» деген  пьесаларын тамашалаған едім. Көзіме жас келді. Өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандырып жүрген осындай азаматтардың талантын лайықты бағалаған дұрыс. Ресейден де шығармалары үздік болып танылып, ТМД елдерінің алдына шығыпты, алтын медаль иеленіпті. Осының бәрі Атыраудың да атағын аспандататыны шындық.

Гүләйім Шабдирова,

Индер ауданы.

Менің сүйікті қаламгерім

Бала кезімнен кітап оқуға құмартып өскеніміз рас. Оған ата-анамның берген тәрбиесінің де әсері ерекше болды. Сондай күндердің бірінде жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Қараша қаздар қайтқанда» деген кітабы қолыма түсті. Басымды алмастан бір деммен оқып шықтым. Ішіндегі әңгімелер қазіргі қоғам, ауыл адамдары, жастардың өмірі жайлы сыр шертеді екен.

«Біздің ауылдың амазонкалары» деген кітабын да оқырман өте жақсы қабылдады. Мәселен, осы аттас әңгіме бар кітапта. Онда үш әйелдің тағдыры сөз болған. Жазушы бәрін ежіктеп айтып оқырман басын қатырмайды.

Жақында Ресейден алған марапатын оқып қуанып қалдық. Қазақ қана емес, шетелге де даңқы шыққан жазушыға тек шығармашылық табыс тілейміз.

Ақтолқын СЕРІКҚЫЗЫ,

№34 Атырау қалалық  лингвистикалық мектепгимназиясының мұғалімі.

 

 Бақытжан Жұмат

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз