Мұнайшылар айтқан әзілдері үшін 300 мың теңге иеленді

6hioWgEWuCo Жаңалықтар

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 95 жылдығына арналған «Ұшқырлық пен ұтқырлық» командалық көңілді тапқырлар сайысы өз мәресіне жетті. Мұнайшылар арасындағы тартысты бəсекеде жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

6hioWgEWuCo

Сөйтіп, бас жүлдені ең жас, ең креативті команда деп танылған «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы жеңіп алды. Оған 300 мың теңгелік ұтысты қазылар алқасының төрайымы Рысты Тасмағамбетова  тапсырды. Екінші орын «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына бұйырды.  Ал, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы үшінші орынды қанағат тұтты. Аталған қос ұжым да қаржылай марапатқа ие болды. Шара соңында сахнаға көтерілген белгілі айтыс өнерінің майталмандары – Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақов өз арнауларын домбырамен жыр тілінде өрнектеп, ембілік мұнайшылардың  мерейтойымен жиналғандарды құттықтады.

jcPTFI3K1bI

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз