Сағат Түгелбев – 70 жаста (ФОТО)

ANU 0531 Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері,  қазақстандық инвестор, өңіріміздегі мұнай компанияларының құрылтайшысы  Сағат Түгелбевтың  70 жасқа толуына  орай «Ер мерейі – ел мерейі» атты салтанатты шара өтті.

ANU_0531

ANU_0592

Облыс әкімдігі мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен, «АНАКО» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған кездесуге аймаққа  еңбегі сіңген ардагерлер, ел ағалары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты. Айтулы тұлғаға арналған шара оның елге сіңірген ерен еңбегінің ескірмес естеліктері мен жетістіктері және жеке өмірінен сыр шертетін тарихи шежірелі көрменің ашылу рәсімімен басталды. Экспозицияда музей қорындағы және жеке қорынан алынған жәдігерлер көрерменнің назарына ұсынылды. Шарада елі үшін аянбай еңбек еткен Сағат Қашқынұлының тұлғалық қасиеті мен өмірі, еңбек жолдары кеңінен насихатталды. Облыстық  ардагерлер кеңесінің төрағасы  Қатимолла Ризуанов, мерейтой иесімен қызметтес болған ел ағасы, әріптесі Болат Сафуанов сөз алып, жүрек жарды тілектерін арнады. «АНАКО» компаниясының вице президенті Аян Орақов оның іскерлік қабілетін жас ұрпаққа үлгі-өнеге етті.

ANU_0754

ANU_0456

Сағат Қашқынұлы 1948 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған ол депутаттыққа сайланып, заң шығару жүйесіне өз үлесін қосты. Кейін Елбасының тапсырмасымен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Ол өзінің саналы ғұмырында еңбегімен еленіп, «Құрмет» ордені және көптеген мерекелік медальдармен марапатталып, Атырау облысындағы Корея Республикасының Құрметті Консулы,  Атырау облысының Құрметті азаматы, Атырау мұнай және газ институтының Құрметті профессоры атағын да иеленген. Кездесу кешінде Сағат Түгелбаевтың өмір жолын баяндайтын бейнефильм көрсетілді.  Шара соңында кеш иесі мұндай кездесу ұйымдастырып, қошемет көрсетіліп жатқанына ризашылығын жеткізді.

 

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Жанат

    Сағат ағамызға ұзақ ғұмыр тілейміз. Елдің бағына туған азамат, мың жаса!

  2. Жанат

    Сағат ағамызға ұзақ ғұмыр тілейміз. Елдің бағына туған азамат, мың жаса! Атырау алыптарының қатар сиремегей.