Мұнайлы шаһар көшелері күн сайын залалсыздандырылуда (+ФОТО)

img 20200403 wa0134 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшылығымен қаладағы жаяу жүргіншілер жолын инфекциядан қорғау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Енді, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қадағалауымен облыс орталығындағы басты бес көше күн сайын залалсыздандырылады. Бөлім мамандары бұл шараны іске асыру үшін, үш мекемен келісім-шарт жасақтаған.

– Үш мекемемен бір айға келісім жасадық. Қажетінше, ары қарай келісім-шарт мерзімін ұзартамыз. Оған дейін мекеме қызметкерлерінің жұмыстары үнемі қадағаланады және қала аумағын инфекциядан қорғау шарасы жанданады – дейді, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров

Бұдан бөлек, аталған бөлімге қарасты «АрнаулыАвтобаза» мердігер мекемесі  аялдамаларды залалсыздандыруды қолға алды.

Айта кетейік,  вирус жойғыш препараттар күн сайын өзгеріп отырады және тұрғындар денсаулығына қауіп төндірмейді

img 20200403 wa0133
img 20200403 wa0137
img 20200403 wa0138
img 20200403 wa0136
img 20200403 wa0135
http://atr.kz/bez-rubriki/atyraulyқ-oқushy-өziniң-avtorlyқ-zhұmysyna-resmi-patent-aldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз