Атырауда мұнай өнімдерімен айналаны ластаған серіктестік қызметін тоқтатты

aabc110eda1e20f Жаңалықтар

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Ақжайық булау-жуу стансасының аумағында топырақ қабатын мұнай өнімдерімен ластаған жауапкершілігі шектеулі серіктестік таратылып, қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Абай Сафин хабарлады.

Экология департаменті Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде «Қазақстан Темір Жолы-Жүк тасымалы» АҚ-ның Атырау бөлімшесі филиалына қатысты осы ластану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оның барысында 2006 жылдан бері металл ыдыстарда сақталған, «Ақжайық Запад-2006» ЖШС таратылғаннан кейін қалған мұнай өнімдері топырақ жамылғысының ластануына себеп болғаны анықталған.

– Жер учаскесінің меншік иесі «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ болғандықтан, тексеру нәтижелері бойынша осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін топырақ бетін ластанудан жою қажеттігі туралы ұйғарым берілді. Сонымен қатар, тексеру материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 343-бабы бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысының полиция департаментіне жіберілді.

Қазіргі таңда департамент «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ Атырау бөлімшесі филиалына қатысты ластанған аумақты мәжбүрлеп тазартуға Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берілді. Тексеру нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданатын болады, – деп нақтылады Абай Сафин.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-prezident-to%d2%9baev-ma%d2%a3yzdy-m%d3%99limdeme-zhasady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз