МҰҚТАЖДЫҚ ПА, ӘЛДЕ МАСЫЛДЫҚ ПА?

Жаңалықтар Мәселе Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/15 қазан, 2019 жыл. «Кейбір отандастарымыз өзде рі нің шынайы табыстарын жасырып, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келді.

Мысалы, бір тұрғын отбасы кірісін төмен етіп көрсетіп, қамқорлықты қажет ететіндердің қатарынан табылды. Тоқсандық табысы 220 мың теңгеден аспайтынын баяндады. Дегенмен, тексеру барысында оның мөлшері 12,5 млн. теңгені құрайтыны анықталды. Яғни, көрсетілген сомадан 34 есе көп болғанымен, табысын жасырып отыр.

Алматы облысында кедейлік шегіндегі тағы бір адамның 852 бас малы, үлкен шаруашылығы барлығы белгілі болды. Атырау облысындағы қоғамдық қабылдауға келушілер көмек беру тоқтатылғанымен, жаратылып кеткен қаржыны қайтарусыз қалдыруды сұрады. Біз барлығының да жағдайын түсінеміз. Бірі білместіктен қателессе, екіншісі пендешілікке салынды. Дегенмен, мұның бәрі заң бұзушылыққа алып келді.

Республика бойынша өзінің нақты табысын жасырған 73 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалғаны анықталды. Біз төлемдерді тоқтатуға немесе қайта есептеуге мәжбүр бол дық. Шара қолдану барысында 23 мың адамға АӘК тағайындалған шешім дерді бұзуға, 9 мыңға жуық адам ның төлемдерін тоқтатуға, 38 мың адамның АӘК мөлшерін қайта есеп теуге тура келді» деді Атырау облысына келген сапарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Біржан Нұрымбетов Президент Жолдауында бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін енгізу қажеттілігі айқын көрсетілгенін, бірінші кезекте көп балалы және табысы аз жанұялар үшін отбасылық бизнес құруға баса назар аударылатынын атап өтті. Сондықтан, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осындай санаттағы жанұялардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқа тартуға ерекше назар аударуы керек.

– Мемлекет басшысының көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көп балалы отбасылардың жобаларына микрокредит беру мерзімін ұлғайту ұсынылып отыр.

Несиені өтеу кезінде қаржылық ауыртпалықты азайту үшін номиналды пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепілдік қамтамасыз етілмеген отбасылар үшін ауылдар мен қалаларға бөлінбестен бір оператор арқылы микрокредиттерге кепілдік беру тетіктерін кеңейту жоспарлануда, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Махамбет ауданындағы емхана, жұмыспен қамту орталығы және «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы «Ғариполла Д.П.» жеке кәсіпкерлігінің қызметімен танысқан министр тұрғындармен кездесті. Мұнда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу жоспарланған әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндірілді.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жағдай жасайды. Мемлекеттік көмекке көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді, – деді Біржан Нұрымбетов.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда төлем тек оған ғана емес, оның отбасына да тоқтатылады.

Үкімет мүшесі мұны қазір жиі кездесетін келеңсіз көріністермен байланыстырды. Мысалы, еңбекке тартылған адамдар жаңа жұмыс орнында көп тұрақтамайды. Себебін білсе, оған жұмыс жасағаннан гөрі атаулы әлеуметтік көмекті алып, үйінде жатқан тиімді. «Бұған енді жол берілмейді» деді министр.

Министрдің айтуынша, табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылып отыр. Бір жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *