«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумына 5 елден 700-ден аса әртіс қатысты (ФОТО)

28954265 435396100228395 7915557662018241169 o Жаңалықтар
Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты Халықаралық форумның ашылуына 5 елден келген 700-дей әртіс қатысты. «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты Халықаралық форум Атырауда алғаш рет өткізілуде және екі күнге созылады.  Форум аясында бірқатар мәдени және ғылыми іс-шаралар өтеді, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

28954265_435396100228395_7915557662018241169_o

«Көрісу», «Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға арналған ауқымды театрландырылған фестиваль И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы орталық қалалық алаңда өтті.Айтулы шараға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 30-дан астам шығармашылық ұйым өнер көрсетті.

28701477_435396096895062_7577968333391767164_o

28954130_435396026895069_5471963697228990538_o

Атырау облысының этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері өз киіз үйлерін орнатып, мереке қонақтарына ұлттық тағамдарын ұсына отырып, мәдени салт-дәстүрлерін көрсетті. Сонымен қатар қалалық алаңда әркім ұлттық спорт түрлерінен өз күштерін сынай алды.

28954347_435396033561735_3071205501055138843_o

Фестивальдың ашылуына мыңдаған көрермен жиналды.
28699330_435396103561728_4279871871618768511_o
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің құттықтау сөзінде «Көрісуді» мерекелеудің республика аумағында тұратын барлық халықты жақындастыратын дәстүрдің бірі ретіндегі қазақ халқы үшін маңыздылығын атап өтті.
– «Мемлекет Басшысы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөздерінде бұл өмірде өз орнын табу үшін әрбір ұлт біртұтас, бәсекеге қабілетті болуы қажет деп бірнеше рет атап көрсетті. Бүгін біздің елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың бірлік пен келісімде өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған» – деді Нұрлан Ноғаев. – Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны ерекше. Мемлекет Басшысының бастамаларын бірқатар елдердің басшылары үлгі етуде. Бірінші кезекте бұл қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі. Барлық қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысын қолдайды.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы Мемлекет Басшысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындау аясында өткізілуде және екі күнге созылады. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін танымал ету.

 

28828003_435396156895056_2246565844655681374_o

Осы екі күн ішінде Форум қонақтары Ырза Тұрсынзаданың этноқолөнерінің шеберлік сағаттарына қатыса алады. Форум аясында республикалық айтыс пен Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина атындағы күйші-домбырашылар сайысы өтеді. Абсолютті салмақ категорияларындағы спортшылардың қатысуымен өтетін қазақ күресінен халықаралық ашық чемпионат Форум аясындағы көпшілік  спорттық іс-шаралардың бірі болмақ. Осы күні Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары «Спикер №7» жастар зияткерлік конференциясына қатыса алады.

Форумның алғашқы күні И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы алаңда жергілікті әртістер мен «Ringo» тобы, Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Тәуекел Мүсілім және Қайрат Нұртас сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін кешкі концертке ұласады.

15 наурызда Қазақстанның, Жақын Шығыс пен Еуропа елдерінің ғалымдары «Наурыз – адамзаттың материалды емес құндылығы ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады. Мұнайлы астананың қонақтары Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған республикалық әдеби оқуды,  «Ұлы дала ұлағаты» атты кітаптың тұсаукесерін, «Домбыра Party» жастар акциясын тамашалай алады. Екі күндік Форум конкурс жеңімпаздарын марапаттаумен және «Аманат» қоғамдық ұлттық сыйлығын тапсырумен аяқталады.

 

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз