«Ұлтымыздың ұлы байлығы»

Конкурс Жаңалықтар

Жер тақырыбында жазылған үздік материалдар анықталды

Бұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың тамыз айында  «Жер – ұлтымыздың ұлы байлығы»  тақырыбында ашық ғылыми-тәжірибелік  конференция жарияланып, өткізілгенді.

%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81

Жақында аталмыш конференцияға ұсынылған материалдар арнайы құрылған комиссияның сарабына салынып, үздіктері анықталды. Шараға аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, сөз сөйледі.

%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%812

Атырау қаласындағы «Ренессанс»  қонақ үйінде өткен шараны облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Оның мәлімдеуінше, сарапшылар алқасына барлығы 60-қа жуық материал жолдан-ған. Нәтижесінде  олардың ішінен 12-сі таңдалынып, үздік туынды деп танылған.

Бұлардың бәріне де дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, жеңімпаздар облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, жер қатынастары, білім басқармалары, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар атынан да марапатталды.

Дәулетқали АРУЕВ

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз