Құлсары базарларындағы тағамның бәрі қауіпсіз емес (ФОТО)

Изображение 560 Жаңалықтар

Жылой аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен орталық базарда «Қауіпсіз тағам таңда» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халық тұтынатын тағамдардың денсаулыққа қауіпсіздігін тексеру.

Изображение 560

Басқарманың жетекші маманы Бақыт Елеусінова тұрғындарды акциямен таныстырып, базардан сатып алған тағамдарын тексертіп алуға шақырды.

Изображение 563

Акция барысында жеміс-жидектер, ет, сүт өнімдерінің сапасы тексерілді. Олардың ішінен көкөністер талапқа сай болып шықты. Тәтті бұрыштың да сапасы көңіл қуантты. Ал бір құлсарылық тұрғынның сатып алған қауынының нитраты жоғары болып, сатушыға кері тапсырылды. Санитар дәрігерлер сауда орнына келген жандарға қандай тағам тұтыну керектігі туралы түсінік берді. Тұрғындар акцияны өткізушілерге алғыстарын айтты.

Жұмабике ШАҢҚАНОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз