Латын әліпбиіне көшу – мәдени тұтастықты қалыптастырады (ФОТО)

IMG 5857 1 Жаңалықтар

«Біз латын әліпбиін қолдаймыз!» Осындай тақырыппен Махамбет ауданында аудан әкімі Сырым Рысқалиевтің қатысуымен актив жиыны өтті.

IMG_5857_1

Жалпы әлем бойынша күні бүгінге дейінгі латын тілінің қолдану аясы, тиімділігі, маңыздылығы жөніндегі негізгі баяндаманы аудандық білім бөлімінің басшысы Самат Жайлашев жасады. Қаралып отырған мәселеге байланысты жарыссөзге шыққан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев жаңа әліпбиге көшу жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында мәдениет саласы бойынша қолға алынып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

IMG_5880_1

Ал, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Нұрым Ерғалиев латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі туралы айта келіп, «жаңа әліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртып, тілге тәуелсіздік әпереді, мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді»,- деп ойын ортаға салды.

IMG_5924_1

Сондай-ақ, талқыланып отырған өзекті мәселеге орай аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жібек Мұғауова, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әйгерім Құрманберлиевалар сөз алып, тілге қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

IMG_5903_1

IMG_5919_1

Нұрым ЕРҒАЛИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз