Латынға көшу бізге не береді?

25d7797e7f2c6df186555dbc075480a0 Білім

Латын әліпбиіне көшу кезек күттірмейтін мәселе екенін тіл жанашырлары мен мүйізі қарағайдай ғалымдар айтудан кенде емес. Бірақ, қоғам санасында серпіліс туғызатын мұндай жаңашылдыққа қаншалықты дайынбыз? Бұл жөнінде кімнің не ойлағаны бар екен?

25d7797e7f2c6df186555dbc075480a0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу қажеттігін айтқан болатын. Сонымен бірге, ол жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақытқа кириллица алфавиті де қолданыла тұратынын атап өтті. Осы орайда, Мақат ауданы, Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Азамат Дәулетқалиев жаңа реформадан жасқанбауға шақырады.

– Тарихтан белгілі, 1929 жылға дейін қазақтар араб графикасын қолданды. Кейін біртіндеп латынға көшкенін қазіргі «Атырау», бұрынғы «Социалистік құрылыс» газетінің 1937 жылы шыққан санынан анық көруге болады. Бұл сол кезде барша қазақ оқырманының сүйіп оқитын басылымы еді. Демек, латын қарпінен ешкімге ешқандай зиян келген жоқ. Ол газеттің шығуына да аса зор қиындықтар туғызбады. Содан 1940 жылы кириллица келгенде де жағдай өзгермеді. Мәселе қай әліпбиді қалай қолдануда емес, қай тілде ойлауда болып тұр. Қазіргі жастар ақпаратты тез қабылдайды, олардың латын тілін де оп-оңай меңгеріп кететініне еш шүбә келтірмеймін, – дейді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз