ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ:

«2015 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің барлық өңірлерінде жаңа тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

Жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарға инженерлік желілер тартуға және құрылысты жобалауға 35 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Бәйтерек» холдингіне 0,1 пайыздық бағаммен 30 жылға 145 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалдамалы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының операторы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ болады. Қосымша 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады.Тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан бөлінетін 145 млрд. теңгеден бөлек те қаржы қарастырылады».

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз