Коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті (+ВИДЕО)

1580130825 news b Жаңалықтар

Atr.kz/30 қаңтар, 2019 жыл.  30 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 7711-ге жетті. Оның көбі Қытайда.

Бұл туралы South China Morning Post хабарлады. Жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 2019-nCoV құрбандарының көбі вирус ошағы Хубейде.

Қала бойынша қаза тапқандардың саны 162-ге жеткен.  Ал бұған дейін ресми түрде 5974 адамның 132-сі қаза тапқаны хабарланған.  Вирусты Қытайдың барлық қаласының тұрғындары жұқтырған, оның ішінде Тибет те бар. Қытайлық дәрігерлердің сөзінше, коронавирусты тоғыз мыңға жуық адам жұқтырған.  Қытайдың мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян коронавирусқа қатысты жағдай вирусты жұқтырған адам саны көбеюіне байланысты «ауыр әрі қиын» екенін мәлімдеді. 


Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізбек. Ұйымның бас директоры шұғыл жиналысты бейсенбі, 30 қаңтарда өткізуді жоспарлаған.  Ұйым вирусқа қатысты мәселе денсаулық сақтау саласында халықаралық алаңдатушылықты оятқандықтан «төтенше жағдай ма, жоқ па» анықтайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы жиналысы алдыңғы аптада өткен. Ол кезде ұйым коронавирусқа қатысты жағдай әлемге қауіп төндіріп тұрмағанын мәлімдеген. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус Қытайдан бөлек тағы 15 елде тіркелген. Ұйымның атқарушы директоры Майкл Райан бүкіл әлем шара қолдануы керегін және кез келген жағдайға дайын керек екенін мәлімдеді. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың шығу көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirusty%D2%A3-simptomdary-%D2%9Bandaj-bolady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз