COVID-19: Атырауда 1800-дей стационарлық орын дайындалған (ФОТО)

90232349 123913569207442 1097657017947914240 o Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің «Фейсбук» парақшасында жазды.

«Коронавирус індетіне іргелі мемлекеттердің өзінің шамалары келмей жатыр, – деп жазады ол. – Қайта елімізде дер кезінде жасалған шешімнің арқасында жаппай жайылмауына тосқауыл қойылды. Екі қала карантин режиміне көшті. Бұның бәрі халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан бірегей шаралар.

Қауіпті инфекцияның алдын алу жұмыстарын күн сайын күшейтіп жатырмыз. Қаңтар айында арнайы құрылған облыстық комиссия көптеген шаруалар жасап үлгерді.Бүгін қаланың кіре берістеріндегі санитарлық төрт постты аралап көрдім. Оларда шаһарға кіретін жеңіл көліктердің бәрі тоқтатылып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жолаушылардың қызуын өлшеп, аты-жөндері мен байланыстарын алып, мәліметтерін жасақтауда. Алдағы күндері тиісті мамандар саны арттырылып, жұмыс тіпті күшейтіледі. Бұның бәріне түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін.

Демеушілер көмегімен алынған қосымша медициналық және гигиеналық заттардың жаңа легі келді. Оны да көріп шықтым. Сонымен қатар, облыс көлімінде 1800-дей стационарлық орын дайындалған. Соның бірқатарын қарап шықтым. Бұның бәрі халқымыздың амандығы үшін алдын ала жасалып жатқан амалдар. Коронавирус инфекциясы өзге аумақтарға таралмай, ауыздықталып, науқастарымыз дер кезінде жазылады деген үміттемін».

Амандық АБДОЛ

90332853 123913579207441 4958512040692940800 o
90235951 123913722540760 5567571715032088576 o
90323955 123913615874104 6948353505413300224 o
90255100 123913545874111 8202179889340612608 o
90260656 123913665874099 1568597063808057344 o
http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-tәuligine-1-mln-meditsinalyқ-maska-shyғarylatyn-bolady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз