Коронавирус: Қазақстанда Telegram-бот іске қосылды

2020031411355770175 46db25fd0832ea36b23279b264f76ec3 Жаңалықтар

Atr.kz/14 наурыз, 2020 жыл.  Коронавирустың Қазақстан территориясында таралуына байланысты, Денсаулық сақтау ұлттық орталығы Telegram-ботты іске қосты. Оның көмегімен COVID-2019 инфекциясына байланысты маңызды сұрақтарға жауап алуға болады.


«Ақпарат алу үшін чаттағы “Старт” батырмасын басу керек. Ақпарат сұрау үшін пайдаланушы чаттың тиісті түймелерін баса алады. Бұдан әрі пайдаланушы жауаптарды көре алады. Боттың қызметтерін пайдалану үшін, Telegramға тіркелсеңіз жеткілікті» делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайтында жарияланған хабарламада.


“Коронавирус-шұғыл желі” Telegram-боты вирус туралы негізгі ақпаратты (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдары, инкубациялық кезеңі, жұқтырып алудан қалай қорғану керек, карантинге кім алынады және т.б.) қамтиды.
Бот қызметі қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.


Сонымен қатар, коронавирус мәселелері бойынша аталмыш орталық базасында тәулік бойы call – орталық (1406) жұмыс істейді, тел. 8 7172 768 043.
Вирусты бірге жеңеміз!


Telegram – бот сілтемесі https://t.me/kz_hls_bot

Еске сала кетелік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп мәлімдеген болатын. Пандемия – әлемге кеңінен тараған вирустық инфекция деген мағынаны береді. Бұған дейінгі әлем тарихында пандемия салдарынан 100 миллион адамға дейін көз жұмғаны туралы ақпарат бар.

http://atr.kz/bez-rubriki/%e2%a0%80%d2%9baza%d2%9bstanda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93andardy%d2%a3-sany-alty-adam%d2%93a-zhetti/


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз