Кібісе жылының құпиялары қандай?

2019122609223448989 chto znachit visokosnyy god chasto li vy Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.  Кібісе жылы — төрт жыл сайын бір айналып келетін, басқа жылдарда 365 күн болса, бұнда 366 күн бар жыл.

Славяндар «високосный», ал мұсылман елдері «Кібісе жыл» деп атайтын төрт жылда бір рет қайталанып келетін басы артық бір күн ақпан айының үлесіне тиді.

Астрологтардың айтуынша, аспанда 13 шоқжұлдыз бар, яғни, бір жылда 13 ай болуы керек. Күн өз жолында сол шоқжұлдыздарды басып өтеді. Батыс Еуропа халықтары 13 санын қырсықтық саны («шайтан дюжинасы») деп, қалаларында үйлер, қонақүйлердің бөлмелері 13 санымен белгіленбейді және де кез келген айдың 13-ші датасында туған балалардың куәлігіне 14- ші күні көрсетіледі.

 Сол сияқты, астрономиялық эклиптикадағы «Жыланбөктерген» шоқжұлдызы ескерілмей, Күн 12 шоқжұлдызды басып өтеді де, жылдың әр айына 30 және 31 тәуліктен деп бөлінген. Рим императорлары Юлий — июль айын 31 тәуліктік, Аугуст — аугустус айын 31 тәулік, Октавиан — октобер айын 31 тәулік деп өз аттарымен аталатын айларға бір-бір тәуліктен қосып алып, ақпан айын 28 тәулік етті.

Сөйтіп, қазіргі күнтізбенің негізін құрастырған кезде бір жылдағы айларға тәуліктер біркелкі бөлінбеген. Юлиан күнтізбесі бойынша, 2020 жыл – кібісе (високосный) жылы. Әлем халықтары басқа жылдармен салыстыра қарағанда, кібісе жылына ерекше көңіл бөліп, үреймен қарап жатады? Мұндай ерекше қызығушылық пен үрейдің астарында не жатқанын білгіңіз келе ме?

Ендеше, назар аударыңыз! Түрлі наным-сенімдер, ырым-тыйымдар кібісе жылымен байланысты. Бір жағынан қорқытып тұрса, екінші жағынан қызықтырып, қиялыңды дүрліктіріп тұрады. Ал, кейбіреулер керісінше, дәл осы жылды ең бір сәтті, бақыт әкелетін жыл деп есептейді. Сонымен кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Ең кең таралған ырымдарды бірге отырып талқылайық.

Бірінші ырым – кібісе жылы үйленуге салынған тыйым. Кібісе жылы қиылған неке бақытсыз болады, ерлі-зайыптылар ерте ажырасады, не екеуінің біреуі тым ерте суынып кетеді я болмаса, жас жұбайлар бірге тату-тәтті өмір сүре алмағандықтан, тойдан кейін бір-бірінің көзіне шөп салады деген ырымдар бар. Ал, статистикаға сүйенер болсақ, жоғарыда аталған ырымға ешқандай дәлелдер жоқ, яғни, осы жылы басқа жылдарға қарағанда ажырасып не та – бысатындар санында ешқандай айырмашылықтар байқалмайды екен. Сондықтан, бұл ырымды ұмытыңыз!

 Екінші ырым бойынша, кібісе жылы адамдардың өміріне қауіпқатер әкеледі деседі. Десе де, бұл ырымның да нақты дәлелі жоқ. Бұл да кібісе жылына деген үрейден туа салған наным-сенім десек артық айтқандық емес. Тап бір басқа жылдарда өлім-жітім болмайтындай-ақ…

Үшінші ырым – кібісе жылы табиғаттағы аласапыран. Бұл да бір бос наным. Мәселен, ұзаққа бармайақ, 2011 жылғы Жапониядағы сұмдықты алып қарайық, оның кібісе жылымен ешқандай байланысы жоқ.

Төртінші ырым – мемлекеттердің арасындағы қақтығыстар. Аталған нанымға 1812 жылы Напалеонмен болған соғыстың дәл осы кібісе жылы болғандығы себеп болуы мүмкін. Бірақ, қаншама адамның өмірін жалмаған 1941 жылғы соғыс бұл жылға сәйкес келмейді. Осыған орай, ғалымдар да осы жылы болатын жер сілкіністері мен вулкан атқылаулардың, апаттардың,

террористік актілердің санын есептеп шығарды, кәдімгі жылдардан ешқандай ерекшелігі жоқ! Бесінші ырым – кібісе жылы жеке басқа байланысты өзгерістер. Кібісе жылы болатын кез келген өзгеріс қауіпті екен…

 Ырым дәл осы жылы сізге жұмысыңызды, тұрғылықты жеріңізді, тіпті шашыңыздың түсін өзгертуге тыйым салады. Бұл да бір тиіп-қашпа әңгіме. Мәселен, сізге жаңа, жоғары лауазымдағы қызықты қызмет ұсынылды. Сіз кібісе жылы болғандықтан ғана тамаша мүмкіндіктен бас тартпайсыз ғой?!

Алтыншы ырымды еске алсақ, бұл жылы ештеңе бастауға болмайды. Кібісе жылы бизнесті бастауға, үй немесе монша тұрғызуға, салымға ақша салуға болмайды деп есептелінеді. Астрологтардың пайымдауынша, бұл ырым рас!

Кібісе жылы төртжылдық циклді бастайтын болғандықтан, сіз өз бастамаңызға салғырт қарайтын болсаңыз, бастаған ірі ісіңіз құрдымға кетеді. Ал, бұл проблемалардың келесі кібісе жылына дейін жалғасып кетуі ғажап емес. Сондықтан бұл ырым «жеті рет өлшеп, бір рет кесуді» қажет етеді. Жоғарыдағы бастамаларды кез келген басқа жылда іске асырыңыз, тек кібісе жылында емес!

Жетінші ырым – аяғы ауыр әйелдердің шаштарын кесуі. Кейбір ұлттардың қалыптасқан салты бойынша, кібісе жылы өмірге нәресте әкелетін ананың шашын кесуіне үзілді-кесілді тыйым салынған.

Ырым орындалмаған жағдайда, сәби ақылсыз, әлсіз болып қалыптасады екен. Жоғарыдағы ырым-тыйымдарды ақиқат деп қабылдау да, қабылдамау да – оқырманның құзырында. Жалпы барлық нәрсе ішкі наным-сенімнен деп жатады. «Адамның айтқаны емес, Алланың бұйрығы болады». Біз де кібісе жылының бәріміз үшін сәтті өтуін тілейміз!

Тарихты парақтасақ, 1886 жылы — кібісе жылында Парижде өткен жалпыфранцуздық сәулет және инженерлік жобалар байқауына Эйфель мұнарасын салу жобасы ұсынылыпты. Ал, кібісе жылында құрсақ көтеруге немесе нәрестені дүниеге әкелуге болмайды деген біртүрлі түсініктің де қисыны жоқ. Бір ғана мысал, кібісе жылы, 1952 жылы 29 ақпан күні әнші, жыршы-термеші, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев өмірге келді емес пе?! Ол – қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғарифолла Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған секілді көптеген жыраулардың терме-жырларын, халық композиторларының әндерін шебер орындайтын халқымыздың мақтанышы.

Дайындаған: Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз