КЕРЕК КЕҢЕС: Сұлулық сыры – сүтте…

koze moloko i holesterin 1024x532 1 Жаңалықтар

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Адамзаттың ғасырлар бойы тұтынып, бар құндылығын бойына сіңіріп өскен қасиетті сүт тағамы  ХХ ғасыр соңында кей ғалымдар тарапынан күтпеген соққыға ұшырады…

Сүтті «аллергия тудырады, холестерині мен лактозасы көп» деуші ғалымдап тобы пайда болды. Соған мойынұсынған көптеген адамдар күнделікті пайдаланып жүрген сүттен бас тартып жатьты. Ал, соңғы жылдары табанды жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сүттің қауіпсіз екені дәлелденді. Сүт құрамында 220 өмірлік маңызды заттар, оның ішінде адамға қатысты баламасы жоқ аминоқышқылдар, дәрумендер бар екенін анықтады. Сөйтіп, жұртшылық сүт өнімдерінен қайта тұтына бастады.

Атышулы Голивудта «сүт модасы» етек жайды. Сыртқы келбеті мен денсаулығын қызғыштай қоритын әртістер қауымы сүтке осылай мән беріп жатса, оның тегін болмағаны да. Сонымен қатар, Софи Марсо таңертен міндетті түрде сүт қатқан кофе ішеді екен. Леонардо ди Каприо сүтке піскен жүргері ботқасын жеп алады екен.

Ұйқысыздықтан зардап шегетін Шерон Стоун жатарда бал қосып ыстық сүт ішу арқылы айыға бастаған. Ұлты армян әжесінің әдісін қолданған Роза Бағланова апамыз сияқты сүтке шомылады екен.  Сүт тағамын рациондарына молынан енгізген Вупи Голдберг пен Бритни Спирс өзара рецепт алмасады дейді.

       Әртістерден басқа спортшылар да сүттің маңызын түсініп, біледі. Баскетболшы Дэннис Родман мен теннисші Пист Сампрас 4 стакан  сүт ағзаның кальцийге деген бір күндік қажеттілігін толық өтейді деп шешіп, басқа сусындардың орнына сүтті пайдаланады. Фигурист Екатерина Гордеева күш-қуатты қалпына келтіру үшін апельсин шырынын қосқан сүт коктейілінен артық ештене жоқ деп есептейді. Ол былай жасалады: 3 стакан сүт пен 3 стакан қою сүтті (сгущенка) араластырып, жарты стакан апельсин қосып шайқайсыз.

Гүләлия ИГІЛІКОВА

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-klassikalyқ-muzyka-keshi-өtti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз