«Кең әлемге әйгіленген Кең Жылыой»

rngegk Жаңалықтар

Atr.kz/5 қараша, 2019 жыл. Бұқара мен биліктің арасын жалғастырушы алтын көпірге айналған облыстық «Атырау» газетінің аудандардағы күндерінің эстафетасын бүгін Кең Жылыой өңірі жалғастырып отыр.

Дәуірінде дүбірлі дүниенің кіндігі болған, талай ұлылардың кіндік қаны тамған, ақын-жыршылары тебіренген, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ширек ғасырлық кезеңінде жеті қат жер астынан «қара алтын» селін ақтарып, Теңіздей алып кеніші әлем назарын аударған Кең Жылыой өңірінің бүгінгі даму қарқыны қалай? Ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуының жай-жапсары туралы газет тілшісіне аудан әкімі Азамат БЕКЕТ әңгімелеп берді.

Contents
  1. – Азамат Бауыржанұлы, мұнай мен газ өнеркәсібі саласындағы биылғы нәтижелерге қысқаша шолу жасап көрсек?
  2. – Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны қалай? Мал және егін өнімдерін өндірудегі қолға алынған шаруалар оң нәтижелерін беріп жатыр ма?
  3. – Ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын қ а р ж ы л а н д ы р у мәселесінде жергілікті бюджеттің алар орны ерекше. Осы жөнінде не айтар едіңіз?
  4. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ерекше басым бағыт халықтың әлеуметтік жағдайына беріліп отыр. Ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу жайы қалай?
  5. – Соңғы кезде облыстағы денсаулық сақтау, білім беру салаларында кадрлар тапшылығы күн тәртібіне өткір қойылып жүр. Кең Жылыой өңірінде шешімін күтер мәселелер туралы не айтар едіңіз?
  6. – Қ ұ л с а р ы қ а л а с ы н ы ң инфрақұрылымын ж а қ с а р т у ғ а , жаңғыртуға байланысты қолға алынған жаңа жобалардан да хабардар бола отырсақ.
  7. Сұхбаттасқан:
  8. Бақытжан ЖҰМАТ

– Азамат Бауыржанұлы, мұнай мен газ өнеркәсібі саласындағы биылғы нәтижелерге қысқаша шолу жасап көрсек?

– А с т ы « қ а р а алтынға», үсті рухани қазынаға толы мұнайлы өлкеде өндірілген өнім көлемі жылдан жылға артып, инвестициялық ахуал жақсара түсуде. Осы уақыт аралығында аудандағы өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 5 трлн. теңгеге жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп отыр.

Жылыойлықтар 24,2 млн. тонна «қара алтын», 10,9 млрд. текше метр «көгілдір отын» өндірді. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі көрсеткіштер 2018 жылғыдан едеуір артты. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 102,6% құрады.

– Ауыл шаруашылығы саласының даму қарқыны қалай? Мал және егін өнімдерін өндірудегі қолға алынған шаруалар оң нәтижелерін беріп жатыр ма?

– Иә, аталған сала еңбеккерлерінің де қол жеткізген табыстары аз емес. Жайлауда төрт түлік мал өргізгендер мал басының өсімін қамтамасыз етті. Бүгінде мүйізді ірі қара – 20364, қой мен ешкі – 80974, қамбар ата тұқымы он мыңға жуықтап,«шөл даланың кемесіне» баланған түйе саны тоғыз мыңнан асып жығылады.

Осы мезгілде тірілей салмақпен есептегенде 3,4 мың тонна ет, 4,9 мың тонна сүт, 12,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда ет өндіру – 103, сүт өндіру 103,1 пайызға жетті.

– Ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын қ а р ж ы л а н д ы р у мәселесінде жергілікті бюджеттің алар орны ерекше. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

– Аудан бюджеті бойынша жергілікті бюджетке 21,1 млрд. теңге кірістер бөлігі жоспарланып, өткен мерзімде нақты салықтай түсім көлемі 23,4 млрд. теңгеге жетті. Жоспар 110,8 пайызға орын
далып отыр. Соның ішінде, «Теңізшевройл» ЖШС-нен түскен мүлік салығы 12,9 млрд. теңгені құрады.

Жергілікті бюджеттік түсімдер көлемін ұлғайтуда шағын және орта бизнес құрылымдарының қосып отырған қомақты үлесін де айтпай кетуге болмайды. Аудан бойынша күні бүгін 6822 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға артық.

Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 5901 (оның 652-сі заңды тұлға, 4933-і жеке кәсіпкер, 316-ы шаруа қожалығы), немесе тіркелгендер санының 86,4% құрайды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ерекше басым бағыт халықтың әлеуметтік жағдайына беріліп отыр. Ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу жайы қалай?

– Экономиканың барлық салаларында 2594 жұмыс орны ашылып, бір жарым мыңдай адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздар саны екі жарым мыңға жетті. Яғни, бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға төмен.

Кәсіптік оқу курстарына 284 адам жіберіліп, ақылы қоғамдық жұмысқа 386 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 40 жұмыссыз, ал, жастар тәжірибесіне 127 адам жіберілді. Ауданда есеп беру айының аяғына қарай 929 жұмыссыздар қалды.

– Соңғы кезде облыстағы денсаулық сақтау, білім беру салаларында кадрлар тапшылығы күн тәртібіне өткір қойылып жүр. Кең Жылыой өңірінде шешімін
күтер мәселелер туралы не айтар едіңіз?

– Шынында да аталған салалардағы кадрлар жетіспеушілігі біздің ауданды айналып өтті деуге келмес. Жалпы білім беретін 20 орта мектепте 17304 шәкірт білім алуда. Қазір орыс сыныптарындағы математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс беретін 31 мұғалімге қажеттілік туып тұр.

Балабақша кезегін күткен 3257 бала бар. Яғни, мектепке дейінгі ұйыммен қамту көрсеткіші 69 пайыз шамасында. Былтыр денсаулық сақшыларының қатары 15 жас маманмен толыққанымен, әлі де кардиолог, көз дәрігері қажет.

– Қ ұ л с а р ы қ а л а с ы н ы ң инфрақұрылымын ж а қ с а р т у ғ а , жаңғыртуға байланысты қолға алынған жаңа жобалардан да хабардар бола отырсақ.

– Қ ұ л с а р ы д а көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін қаржы бөлініп, бастапқы бес қабатты үш үйдің құрылысы басталды. Болашақта осындай тоғыз үйдің құрылысын салу көзделген. Қала көшелеріне бағдаршам және бейнебақылау камераларын орнатуға, ұзындығы 11,7 шақырым көше жарығын жүргізуге қаржы бөлініп, жұмыстар жасалуда.

Сондай-ақ, мердігер «TNSIntek» ЖШС мемлекеттікжекешелік әріптестік арқылы 68 шақырым көше жарығын жүргізу қолға алынған. Аудан орталығында тұрақты жолаушы тасымалын қамтамасыз ету мақсатында демеушілік қаржыға 10 автобус әкелінді. Шаһарда автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Сұхбаттасқан:

Бақытжан ЖҰМАТ

Инвестиция тарту мен құрылыс

• Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі – 2860,0 млрд. теңге

• Өткен жылмен салыстырғандағы өсім – 25,4%

• Нақты көлем индексі – 116,6%

• Пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы – 71 мың шаршы метр

• 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 138,0%

• Құрылыс жұмыстарының көлемі – 372,3 млрд. теңге

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз