Келесі жылы жоғары білімді 2-3 жылда алып шығуға болады

76117647 1 Білім

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болашақта қажет болатын жаңа мамандықтарды атады. Бұл қатарда деректермен жұмыс істеу жөніндегі детектив, қалалық кибераналитик, толықтырылған шынайылықтағы саяхаттардың жобалаушысы, генетикалық код редакторы, цифрлық тігінші, адамдар мен машиналардың командалық жұмысы жөніндегі менеджер секілді мамандықтар бар.

76117647

Министрдің айтуынша, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеті мен сыни ойлауын дамыту мақсатында еліміздің орта мектептерінде 2-сыныптан бастап «Бағдарламалау негіздері» атты пән енгізіліп жатыр. Сондай-ақ, техникалық, кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім реформасы аясында заманауи трендтерді ескере отырып, білім бағдарламаларын өзектендіру үрдісі жүруде.

– Болашақ институтының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай әлемде мамандықтардың 85 пайызы жаңарады. Мүлде болмаған мамандықтар пайда болады. Ал, келесі жылдан бастап студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жылда бітіре алады. Сондықтан жоғары оқу орындары заманауи трендтерді ескеріп, осы бастан нарыққа қажетті мамандарды даярлауы қажет, – дейді министр.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз