Кеңөзек тұрғындарын не мазалайды?

ANU 1937 Жаңалықтар

Кеңөзек ауылдық округі – экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан елді мекеннің бірі. Тасқала ауылындағы Т.Амандосов атындағы орта мектепте округ әкімі Ернар Өтешқалиев тұрғындар алдында есеп берді. Жиналысқа қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы және мекеме басшылары қатысты.

ANU_1848

Кеңөзек ауылдық округ әкімі Ернар Өтешқалиев қала әкімінен 600 орындық мектеп, 290 орындық балақбақшасын салуды биылғы жылдың құрылыс жоспарына енгізуді сұрады. Сондай-ақ, «Перетаска» өзегін қазып, ағысты болуы үшін жасалатын жұмыстардың өзектілігін жеткізді.

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы жолаушылар тасымалына байланысты «Смарт Сити» ЖШС-нің және жарықтандыру мәселесіне орай «АтырауЖарық» АҚ-ның өкіліне мәселені шешу туралы тапсырма берді.

ANU_1462

Еркінқала ауылдық округі әкімі Мұхтар Құмарғалиевтың баяндауынша, Еркінқала, Ракуша ауылы, Сарыөзек учаскесі, Балауса, Еркінқала-2 ықшам ауданы тұрғындарының саны 10 мыңға жуықтайды. Ауылдың экономикалық дамуының негізі балық аулау мен өсіру, мал және егін шаруашылықтарын өркендетуден құралып отыр. Шағын және орта  бизнеске қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлер аяғынан нық тұруда. Соның нәтижесінде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен қарттарға ауыл кәсіпкерлері қолұшын беруді дәстүрге айналдырған.

Тұрғындар көптен күткен мәдениет үйі ел игілігіне қызмет жасайтын күннің алыс еместігін естіп, бір қуанып қалды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Дәлдірбаев «Дәріханалардағы дәрінің бағасы әртүрлі және осының қадағалануын сұраймын» деген ұсынысын білдірді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

ANU_1937

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз