Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы алдында ант қабылдайды

tokaev Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл.  Қазақстан Республикасының Президенті міндетін атқару жүктелген Қасым – Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы ретінде өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

tokaev

Енді, ол Қазақстан халқы алдында Ант қабылдайды. Рәсім бүгін, 20 наурыз күні Астана уақытымен 12.00-де басталады.

Еске сала кетелік, ҚР Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес, Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған жағдайда тоқтатылады. Конституциялық Кеңестің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 1 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесінен оның өз еркін білдіруіне сәйкес өкілеттігін тоқтату құқығы туындайды. Ол Мемлекет басшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дербес негіз болып табылады. Тиісті қаулы қабылданды.

Конституцияның 48-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді. Өзіне Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Төрағасының өкілеттігін доғарады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз