Қайыршылықпен айналысқан атыраулық тұрғын жазаланды

a ybas Жаңалықтар

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Атырауда «Иманғали» орталық мешітінің алдында қайыршылықпен айналысқан тұрғын қамауға алынды.

20190328184311 59308

«Құқық бұзушы өзіне әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде кері қайталап, 8 наурызда сағат 10.30 шамасында Атырау қаласы Сатпаев көшесінде орналасқан «Иманғали» мешітінің алдында жолаушыларға тиісіп, қайыршылықпен айналысқан» деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Сот тұрғынды әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз