Көші-қон қызметін көрсету орталығы ашылды

WhatsApp Image 2018 09 24 at 14.51.35 1 Жаңалықтар

«Бірыңғай терезе» қағидасы бойынша еңбек мигранттары қызмет көрсету орталығының қызметтерін стандартты түрде алатын болады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-24 at 14.51.35 (1)

Көрсетілген қызметтердің ішінде шетелдіктерді тіркеу, визалық қолдау мәселелері, азаматтығы, тұрақты тұратын жері туралы анықтама берілетін болады.

– Бұл біздің аймаққа келген шетел азаматтарының деректерін өңдеу үдерісін жылдамдатады.Бұрын шетелдік азаматтар Қазақстанға жұмысқа орналасу үшін рұқсатты бес күн ішінде алатын болса,қазір бұл жұмыс бір сағаттан аспайтын болды. Әрине, егер еңбек мигранттарының барлық құжаттары тәртіпке сәйкес келсе, – дейді Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Амангелді.

Көші-қон қызметтерінің орталығында медициналық тексеру, саусақ іздері, сақтандыру полисін беру, сондай-ақ ЖСН алу , Қазақстанға жұмысқа орналасу үшін қажетті барлық рәсімдерден өтеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Атырауда шетелдік жұмыс күшінің ағымы айтарлықтай өсті. Тек биылғы жылы Атырау облыстық ішкі істер департаменті 75 503 шетелдік азаматты уақытша тіркеуге алды. Қазақстанда жұмыс істеуге және оның уақытын созуға жыл басынан бері 55 мыңға жуық шетелдік азамат өтініш берген.

Көші-қон орталығында жұмыс істеу үшін ІІД Көші-қон қызметінің 5 қызметкері және «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ-ның 10 қызметкері тағайындалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз