Көшеге – майдангерлер есімі

IMG 20170516 WA0006 Жаңалықтар

Индер ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденінің иегері Сисенғали Тұңғатаровтың атындағы көше ашылды. Қан майданда жауынгерлік ерлік көрсетіп, соғыстан кейін ел еңсесін көтеруге атсалысқан ардагердің есімін ұлықтауға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мұрындық болған.

IMG-20170516-WA0006

Сисенғали Тұңғатаров 1941 жылдың шілдесінде қан майданға аттанып, 1946 жылы  елге оралған. Соғыс жылдары 74-ші танк бригадасының атқышы, 387-ші атқыштар полкының командирі болған. Кеңес-Жапон соғысына да қатысып, 1946 жылы «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.

IMG-20170516-WA0007

Көзі тірісінде Сисенғали Тұңғатаров «елім үшін еңбегім сатусыз» деп мемлекет тарапынан берілген қомақты қолдаулардан бас тартқан. Тіпті бірнеше рет әкімдік  бөлген  пәтерді де алмаған. Майданға аттанбас бұрын өңірдегі борат руднигін  игеруге атсалысқан азамат соғыстан кейінгі жылдары түрлі салада жауапты қызметтер атқарған.

IMG-20170516-WA0008

Сонымен бірге, Индербор поселкесінде Ұлы Отан соғысының ардагері  Қаракерей Дәулетовтің аты да  көшеге берілді. Техника тілін жетік меңгерген ол 124-ші  гвардиялық артиллериясының жүргізушісі болған. 53-ші теміржол ротасынан 1944 жылы 83-ші  авторотаға ауыстырылған. Жоғарғы басшылық бұйрығымен ең  қауіпті нысандарда қызмет еткен Қаракерей Дәулетов «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз