КҮМІС ЖҮЛДЕ – «АТЫРАУДА»

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Талдықорған қаласында волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы Суперкубогы ойындары аяқталды.

   Төрт команда қатысып, бас жүлдені сарапқа салған ойындарда «Атырау» волейболшылары Ақтаудың «Маңғыстау» және көкшелік «Ұшқын-Көкшетау» командаларын 3:0 есебімен жеңді.

Ал, соңғы күні Алматының «Буревестник» ойыншыларына осындай есеппен есе жіберген жерлестеріміз күміс жүлдені қанағат тұтты. Турнирдің үш кездесінде де жеңіске жеткен алматылықтар Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.

                                                           Бақытжан ЖҰМАТ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *