Күлдіре білу – ӨНЕР, күлкі болу…

ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар Мәдениет Қоғам

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Жастар жылы аясында көңілді тапқырлар клубтары арасында Атырау облысы әкімінің кубогі ойнатылды. Мұнайлы мекен жастарының басқасынан гөрі осы ойынды көбірек ойнайтыны байқалады.

Соның бір дәлелі, жергілікті «Сағыз» және «Жерұйық» командалары талай додаларда топ жарып жүр.  Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен кеш тізгінін «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театрының директоры, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов алды.

Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген тоғыз команда таласқа түсті. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Қанат Әуесбай төрағалық еткен қазылар алқасы әзілқойлар өнерін балдық жүйемен емес, бірауыздан бағалады.

Нәтижесінде, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан келген команда жеңімпаз деп танылды. Ал, оралдық «Прайд» екінші және Ақтөбелік «Жұбанов» командалары үшінші орын иеленді. Сондай-ақ, атыраулық «Жерұйық» тобының ойыншысы Шыңғыс Рахмашев үздік ойыншы атанды.

Соңында қазылар алқасы әр әзілдің астарында батпандай зіл жатуын және өзгелерге үлгі болу қажеттігін қаперге берді. Өйткені, күлдіре білу – өнер, ал, күлкі болу өліммен тең. Әсіресе, ұлдардың қыз болып киініп шығуы немесе қазақ қоғамына жат біржыныстылар тақырыбын қозғау ешқандай абырой әкелмейтінін ескертті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет автордікі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *