Ізім жатыр даламның ой-қырында… (+ВИДЕО, ФОТОРЕПОРТАЖ)

IMG 20190426 WA0008 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/wWsKaUQ63K8

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Атырауда осындай тақырыппен Қазақстан Жазушылар одағының және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Үздік өлкетанушы» атағының иегері Төлеген Жаңабайдың шығармашылық кеші өтті.

Әсерлі әдеби кешке шөліркеп қалған көпшілік Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмебап кітапханасына жиналды. Шараны аталған кітапхана ұжымы «Ой қазынасы – оқырманға» атты әдеби апталық аясында ұйымдастырып отыр.

IMG 20190425 145630
IMG 20190426 WA0038

Айта кетейік, Төлеген Жаңабайұлы – «Малды ауылдың өрендері», «Шалдығып жеткен шындық», «Іңкәр сезім», «Зілдей сөзді Зімбіл», «Жайық Беріштің Тумаш тармағы», «Атырау ақын-жазушылары» атты әдеби-танымдық, ғылыми-зерттеу кітаптарының, «Сырбаз сырлар», «Кәусар» атты жыр жинақтарының авторы.

Сондай-ақ, «Ығылман», «Тайсойған-Бүйрек ақындары», «Атырау арғымақтары», «Атырау журналистерінің шежіресі», «Шүкір батыр» және тағы да басқа бірнеше еңбектерді құрастырған қаламгер.  

IMG 20190425 WA0023 2
IMG 20190426 WA0040

Кеш барысында өңіріміздің белгілі ақын-жазушылары Өтепберген Әлімгерейұлы, Жәниба Қарасаева, Гүлзада Ниетқалиева, оқу ісінің үздігі Бақыт Құрбанұлы, Парух Марданов, кеш иесінің шәкірттері мен немере-жиендері жүрекжарды лебіздерін арнады.   

Соңғы жылдары Т.Жаңабайұлының қаламынан «Есте ғой, есте, сұрапыл соғыс», «Қыран қияға қонады», «Атырау көсемсөзшілері», «Халқымен етене Халел хакім» атты очерктері мен эсселер, публицистикалық баяндар және ғылыми-зерттеу еңбектері топтастырылған кітаптары, «Атырау қаламгерлерінің көркем публицистикасы» атты оқу құралы, «Шіркін, шындық» атты әңгімелер мен фельетондар, эллегия хикаяттарының бастарын құраған жинақ, «Ығылман ырғағы» атты дастан жарыққа шықты.   

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

IMG 20190426 WA0045
IMG 20190426 WA0046
IMG 20190426 WA0010
IMG 20190426 WA0009
IMG 20190426 WA0012
IMG 20190426 WA0011
IMG 20190426 WA0053
IMG 20190426 WA0013
IMG 20190426 WA0014
IMG 20190426 WA0016
IMG 20190426 WA0015
IMG 20190426 WA0017
IMG 20190426 WA0019
IMG 20190426 WA0020
IMG 20190426 WA0018
IMG 20190426 WA0021
IMG 20190426 WA0023
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз