Исатай ауданында желден қуат алатын электр стансасы салынуда

planning turbines Жаңалықтар

Астанада өткен халықаралық мамандандырылған «ЕХРО – 2017» көрмесі аясында Атырауда бес жоба іске қосылады. Солардың бірі Исатай ауданында жүзеге аспақ.

planning-turbines

Қазір ауданда қуаты 52 МВт-қа шақталған жел электр стансасының құрылысын «ВетроЭнергоТехнологии» компаниясы  жүргізуде. Жалпы құны 12,382 миллиард теңгеге бағаланған жоба 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіледі. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жел электрстансасы іске қосылған кезде жаңадан жиырма жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз