Исатай ауданында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді

1465fb241b8ddf492b3de2bb6899f436 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қыркүйек, 2019 жыл. Бұқаралық спортты дамыту –   игі мақсаттардың бірі.

Өйткені, өркениетті елдің ең алдымен халқы салауатты өмірге бейім болуы шарт. Ал, азаматтарды спортқа баулу үшін, әрине, мемлекет жағдай жасауы қажет. Қамысқала ауылында спортқа, әсіресе, аяқдопқа бейім жастардың қатары көбейіп келеді.

Соңғы жылдары аудан көлеміндегі жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген оларға тұрақты түрде шынығып, жаттығатын арнайы орынның болмауы «әттеген-ай» дегізіп жүргені жасырын емес. 

Жақында ауыл шетінен жаңа кіші аяқдоп алаңы ашылып, қамысқалалық жастарды қуанышқа кенелтті. Алаңның жасанды жабынын төсеп, жабдықталуына «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Жұбанов демеушілік жасады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ, Исатай ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз